Жылыжайда есірткі еккен қызылордалық 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Жылыжайда есірткі еккен қызылордалық 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сот өз ауласындағы есірткі еккен Қызылорда тұрғынына қатысты үкім шығарды.
Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шиелі ауданында үй ауласына 59 түп сора өсімдігін еккен 57 жастағы аудан тұрғынын құрықтады. Тергеу барысында күдіктінің жасаған іс-әрекеттері толығымен дәлелденді.
Қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды. Сотталушы сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.