Жылыжайдағы жаңа мүмкіндік: сотталғандарды еңбекпен қамтудың нәтижелі үлгісі
Павлодар облысындағы "Greenhouse-Qaztomat" кәсіпорнында 231 сотталған азамат жұмыспен қамтылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өндірістік қызмет аясында олар көкөніс өсірумен, дайын өнімді буып-түюмен, сондай-ақ жылыжай кешенінің аумағында тәртіп сақтаумен айналысады. Жұмыс үдерісі сотталғандардың өндірісті кезең-кезеңімен меңгеруіне бағытталған — көшет отырғызу мен өсімдіктерге күтім жасаудан бастап, өнім сапасын бақылауға дейін.
Еңбекпен қамтылу сотталғандарға тәжірибелік дағдыларды меңгеруге ғана емес, сонымен қатар отбасыларына материалдық қолдау көрсетуге және талап-арыз міндеттемелерін өтеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорын тарапынан қауіпсіз еңбек жағдайлары, өндірістік сүйемелдеу және мамандар тарапынан тәлімгерлік қамтамасыз етілген.
Алынған тәжірибе бостандыққа шыққаннан кейін табысты әлеуметтік бейімделуге ықпал етеді. Сотталғандардың "Greenhouse Qaztomat" кәсіпорнында еңбек қызметін жалғастыруға мүмкіндігі бар. Тәжірибе көрсеткендей, олардың көпшілігі осы кәсіпорында тұрақты жұмысын жалғастырып, бұл еңбекпен қамтудың тиімді үлгі екенін дәлелдейді.
