Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн»: Павлодарда тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес шаралары жүргізілуде

«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында Павлодар қаласының полиция қызметкерлері есепте тұрған адамдардың тұрғылықты жері бойынша тексеру жүргізеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері тұрмыстық құқық бұзушылық жасауға бейім, өз міндеттерін орындамайтын, сондай-ақ спирттік ішімдіктер мен есірткі құралдарын теріс пайдаланатын берекесіз отбасылар мен ата-аналарды да тексереді. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен павлодарлықтарға құқықтық көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, зорлық-зомбылық белгілері бар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен балаларға көмек көрсету мақсатында арнайы топтар құрылды. 

Полиция азаматтардан отбасылық-тұрмыстық қатынастар мен тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарлауды сұрайды. Азаматтар 111 тегін сенім телефонына хабарласып, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету туралы кеңес ала алады. Барлық заңсыз әрекеттерге қатысты азаматтар 102 телефонына қоңырау шалып немесе «Police 102» мобильді қосымшасын пайдалана алады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру