Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Зорлық-зомбылықсыз отбасы: Алматыда профилактикалық іс-шаралар жалғасуда

"Қазақстан — зорлық-зомбылықсыз отбасы" республикалық науқаны аясында Алматы қаласының Бостандық ауданында "Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ!" ұранымен форум өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның мақсаты — қоғам назарын тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесіне аудару және оны алдын алу бойынша бірлескен шешімдерді әзірлеу.

Форум жұмысына Бостандық ауданы әкімінің аппаратының қызметкерлері, прокуратура өкілдері, заңгерлер, психологтар, сондай-ақ актерлер мен продюсерлер қатысты. Мамандар зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүзеге асырылып жатқан шараларды, ведомствоаралық өзара іс-қимыл алгоритмдерін және отбасы институтын нығайтудың жолдарын талқылады.

- Зорлық-зомбылықсыз отбасы — бұл абстрактілі ұғым емес, тұлғаның үйлесімді дамуы үшін қажетті шарт. Отбасы мүшелерінің қауіпсіздігі мен құқықтары сөз болғанда, ешкім бейтарап қалмауы тиіс. Біз психологтармен, әлеуметтік қызметкерлермен, прокуратура және әкімдік өкілдерімен бірлесіп, мұндай деректердің алдын алу мен ерте анықтауға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз, — деді Бостандық аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Сондай-ақ форумға қатысушылар жастар мен халықтың осал топтары арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын және зорлық-зомбылыққа тап болған жандарға бағытталған көмек көрсетудің қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру