Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда полиция қызметкерлері «Салауатты ұрпақ» науқаны аясында дәріс өткізді

Алматыда полиция қызметкерлері «Салауатты ұрпақ» науқаны аясында дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz

Алматының ювеналды полициясы қалалық прокуратурамен және Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, №95 орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.

– Күн тәртібінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, қылмыстың алдын алу және жолын кесу мәселелері қаралды. Бұл – ең алдымен, терең ойластырылған және өзара байланысты іс-шараларды жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық шаралардың өзара әрекеттесу, маңызды көмекші рөл атқаратын жасөспірімдермен тәрбиелік және мәдени жұмыс, – деді Алматы қаласы ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.

Кездесуде жасөспірімдерге көшеде, үйде, жолда қауіпсіз жүру ережелері түсіндірілді. Әлеуметтік желілерде, әсіресе бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау ережелері айтылды. Полицейлердің пікірінше, құқық бұзушылықтардың санын азайту, сондай-ақ, қылмыс жасаудың себептері мен жағдайларын жою барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен қоғамның бірлескен күшімен ғана шешіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру