Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері мектеп психологтарының семинар-кеңесіне қатысты

Полицейлер Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептері психологтарының семинар – кеңесіне қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кездесу “Зерделі ұрпақ” үкіметтік емес ұйымының бастамасымен “Жастар арасында нашақорлықтың алдын алу” жобасын іске асыру аясында өтті.

Іс-шара аясында полицейлер қатысушыларға аймақтағы есірткі жағдайы туралы ақпаратты жеткізді. Есірткі заттарымен және психотроптық заттармен улану белгілеріне, сондай-ақ баланың оларды қолдануға бейімділігіне әсер ететін факторларға ерекше назар аударылды.

Жасөспірімдерді есірткіні қолдануға тарту механизмдері, сондай-ақ оған қалай қарсы тұру керектігі егжей-тегжейлі баяндалды.

Сонымен қатар, облыстық психикалық денсаулық орталығының психологы А. Әлжанова өзінің практикалық жұмысында қолданатын девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс істеудің кейбір арт-терапиялық әдістерін көрсетті.

Семинар барысында кәмелетке толмағандар арасында есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша білім беру және үкіметтік емес блок өкілдерімен полицияның одан әрі ынтымақтастығының перспективалары белгіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру