Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ГАЗель жүргізушісіне көмектесті

Ақмола полицейлері ГАЗель жүргізушісіне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола патрульдік полицейлерінің атына алғыс сөздер жиі келіп тұрады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, олар қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге жиі көмекке келеді.

28 қазанда патрульдік полиция батальоны “Тұлпар 16” экипажының қызметкерлері ауысымға келіп, қызмет көрсетілетін учаскенің жүріс бөлігінде тұрған машиналардың бар-жоғын тексерді. Өтіп бара жатқан жүргізушімен әңгіме барысында полицейлер көрші Қостанай облысымен шекарада ГАЗель жүргізушісіне көмек қажет екенін білді.

Аталған бағытқа дереу шыққан полиция қызметкерлері Ақыл Секенов мен Игорь Калинкин “Қостанай-Әулиекөл-Сурған” автожолының 234 шақырымында тоқтап тұрған ГАЗель көлігін көрді: бір доңғалағы жоқ, көліктің артқы жағы істен шығып тұрды.

Жүргізушінің айтуынша, ол елордадан Қостанай қаласына бет алған. Тәртіп сақшылары оған көмек ұсынып, алдымен олар жақын маңдағы ауылдан қажетті бөлшектерді тауып алып, кейін 7 сағат бойы жүргізушіге ақауды жоюға көмектесті.

– Мен жол патрулі – Ақылға, Игорьге маған автокөлікті жөндеуге көрсеткен көмегі үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді. Бөлшектерді табуға көмектесті. Менімен бірге көліктің артыңғы жағын бөлшектеп, жинауға көмектесті. Оларға зор денсаулық пен ашық аспан тілеймін, – деп жазды Азамат Instagram-дағы ведомстволық парақшаның direct-не.

Хабарламаның авторы айтқандай, көлігі таңертең істен шыққан. Полицейлердің уақтылы көмегінің арқасында ғана ол межелі жерге қауіпсіз жетіп, жүкті толығымен жеткізе алған.

ВИДЕО МҰНДА

– Жолда сынған көлікті көргенде біз әрқашан жүргізушіден көмек қажет пе деп сұраймыз және мүмкіндігінше азаматтар жолды жалғастыра алатындай етіп қолдан келгенді жасаймыз, – деп атап өтті қызмет инспекторлары.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру