Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысында полицейлер кюветке түсіп кеткен шетелдік жүргізушіге көмектесті

Қостанай облысында полицейлер кюветке түсіп кеткен шетелдік жүргізушіге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Федоров ауданының полицейлері жыраға түсіп кеткен өзбекстандық жүк көлігінің жүргізушісіне көмектесті.

Жол-көлік оқиғасы 26 қазанда Алматы-Екатеринбург Республикалық маңызы бар автожолда Федоров ауылының маңында болды. Жүк көлігінің жүргізушісі Уфа қаласынан Ташкентке тұтыну тауарларын алып бара жатқан. 52 жастағы ер адам ауа райына байланысты рөлді басқара алмай, кюветке түсіп кеткен.

– Оқиға орнына полиция капитаны Жаслан Досанбаев пен аға лейтенант Жамбыл Бегов келді. Полицейлер арнайы техниканы тауып, жолды тазалап, жүк көлігін жолға шығарды, – деп түсіндірді Федоров ауданы ПБ бастығы Александр Елисеев.

Автокөлік иесі полиция қызметкерлеріне қиын жағдайда көрсеткен көмегі үшін алғысын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру