Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да нашақорлық пен есірткі қылмыстарына қарсы күрес шаралары талқыланды

СҚО-да нашақорлық пен есірткі қылмыстарына қарсы күрес шаралары талқыланды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігінде нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік штабтың отырысы өтті. Жиынға ҚР ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл комитеті екінші басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов, облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Қайрат Қасымбеков, құқық қорғау органдарының, мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Полицейлердің мәліметінше, жыл басынан бері облыста есірткіге қатысты 228 құқық бұзушылық анықталған. Заңсыз айналымнан 513 келіге жуық есірткі заты, оның ішінде 9 келіге жуық синтетикалық есірткі тәркіленді. Сондай-ақ еліміздің басқа өңірлерінде екі жасырын есірткі зертханасының және СҚО-ға есірткі жеткізудің 33 арнасының қызметі тоқтатылды.

Талқылау барысында жастар арасындағы профилактикаға ерекше назар аударылды. Есірткіге қарсы насихат жұмыстарына танымал адамдар мен жастар арасында беделі бар тұлғаларды белсенді тарту қажеттігі атап өтілді.

Бақытжан Әмірханов облыстың мемлекеттік органдарына бірқатар нақты ұсыным берді. Жиынға қатысушылар есірткі қатеріне қарсы тиімді күрес барлық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен тұрғындардың үйлесімді іс-қимылын талап ететінін атап өтті. Басты міндет – жастардың есірткі бизнесіне тартылуына жол бермеу және өскелең ұрпақтың денсаулығын қорғау.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру