Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының полицейлері шағын футболдан турнир өткізді

Қостанай облысының полицейлері шағын футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

КСРО ІІМ еңбек сіңірген қызметкерінің құрметіне Қостанай облысының Полиция департаменті “Динамо” облыстық филиалымен бірлесіп, жыл сайын шағын футболдан турнир өткізеді. Биылғы жылы генерал-майор Самат Бәкіровті еске алуға арналған жарысқа құқық қорғау жүйесі бөлімшелерінің 9 командасы қатысты.

Турнирде Полиция департаменті, ҚАЖД, УАКҚБ, ТЖД, ҰҚКД, облыс прокуратурасы, Шекара қызметі, 6697 әскери бөлімі, Ш.Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Академиясының құрамалары ұсынылды.

Жарысқа қатысушылардың алдында облыстық ПД бастығы Ерлан Омарбеков сөз сөйледі. Ол бұл іс-шара Ішкі істер органдары жүйесінде сақталатын және дамитын және ұрпақтан-ұрпаққа берілетін спорттық дәстүрлердің тағы бір дәлелі екенін атап өтті.

Турнирдің құрметті қонақтарының арасында Самат Смағұлұлының ұлы полиция полковнигі Болат Бәкіров болды, ол ұйымдастырушыларға әкесін еске алғаны үшін ризашылығын білдірді. Барлық командалардың жеңіске жету мүмкіндігі бірдей, ал ойындар жарқын және есте қаларлық болды.

Турнирге қатысушылар өздерінің ерік-жігерін, әдемі ойын көрсетті. Жарысқа қатысқан жанкүйерлер сауатты құрылған ойынды, ең бастысы, көптеген жағымды эмоциялар алды.

Жартылай финалдық ойында облыстық Полиция департаменті мен ҚАЖД командалары кездесті.

ДП командасының футболшылары жақсы дайындық көрсетті, алайда финалдық ойында сәттілік 2:1 есебімен жеңіске жеткен қарсыластар жағында болды.

Ойындардың нәтижелері бойынша біріншілікті ҚАЖД командасы, екінші орынды Полиция департаментінің құрамасы, үшінші орынды ҰҚКД иеленді. Жеңіске деген ерік-жігері үшін Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Академиясы марапатталды.

Үздік ойыншылар анықталды: “Үздік шабуылшы” – Елдос Қасымов, “Үздік қорғаушы” – Азамат Нұрахметов, “Үздік қақпашы” – Андрей Герфорт және “Үздік ойыншы” – Қайрат Жеділқанов. Турнир жеңімпаздары кубоктар мен медальдарға ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру