Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер теміржол өткелдерінің қиылысу ережелерін түсіндірді

Қостанайлық полицейлер теміржол өткелдерінің қиылысу ережелерін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жыл басынан бері Қостанай қаласында көлік құралдарының 28 жүргізушісі және 8 жауапты тұлға өткелдердегі бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қостанай қаласының полициясы жол қозғалысының барлық қатысушыларын теміржолда мұқият болу, темір жолдарды тек арнайы жабдықталған орындарда кесіп өту қажеттігі туралы ескертеді.

– Теміржол өткелдері жол қозғалысына қатысушылардан ерекше қырағылық пен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды талап ететін автокөлік жолдарының күрделі және қауіпті учаскелерінің бірі, – деп атап өтті Қостанай қаласы ПБ ӘПБ аға мемлекеттік автоинспекторы Мағжан Олжабай.

Автожолдарда апаттылықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстарға қарамастан, темір жол өткелдерінде жол-көлік оқиғаларының жағдайлары тоқтар емес.

Мәселен, қыркүйек айында облыс орталығында реттелмеген теміржол өткелінде ЖКО болды.

КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі жол қауіпсіздігіне көз жеткізбей, локомотивпен соқтығысқан. Жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Теміржол өткелдерінің жүру ережелерін бұзу 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды немесе көлік құралын басқару құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру