Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Кәсіпкер ұрлықты ашқаны үшін қостанайлық полицейлерге алғысын білдірді

Кәсіпкер ұрлықты ашқаны үшін қостанайлық полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласында белгісіз біреулер құны жарты миллион теңге болатын жеміс ұрлап, дүкенді тонап кеткен. Ұрлық жасады деген күдіктілер жедел түрде ұсталды.

Дүкен иесі Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбековтың жеке қабылдауында полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Кездесуде ол 13 жәшік лимон, 10 жәшік банан және 10 жәшік апельсин ұрланғанын айтты.

– Дүкен тоналғанын біле сала бірден полицияға жүгіндім. Жедел және үйлесімді жұмыстың арқасында сіздің қызметкерлеріңіз күдіктілерді қысқа мерзімде ұстады. Қылмысты ашу бойынша жұмыс кәсіби түрде ұйымдастырылғанына сенімдімін, – деп атап өтті кәсіпкер. 

Ұрлық құлыпты бұзу арқылы жасалған. Сол күні тағы бір сату нүктесінде ұрлық жасалды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оған екі жергілікті тұрғынның қатысы бар екені анықталды. Күдікті қылмыскерлерді ұстауға, сондай-ақ болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға және куәгерлерді іздеуге Қостанай қаласының ПБ Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері тікелей қатысты. 

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 188-бабында көзделген “Ұрлық” бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды 

– Полицейлер жұмысының тиімділігін бағалаудың негізгі критерийі-халықтың сенімі. Мұндай пікірлердің біз үшін маңызы зор, бұл тұрғындармен тікелей диалог жүріп жатқанын білдіреді, – деп атап өтті Ерлан Омарбеков. 

Айта кету керек, Қостанай облысы ПД бастығы апта сайын азаматтарды қабылдайды. Жеке қабылдау барысында келіп түскен бірде-бір сұрақ жауапсыз қалмайды, ал барлық проблемалық мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріледі, олардың орындалуын департамент бастығы өзі жеке  бақылайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру