Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулағандарды ұстады

Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулағандарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

 “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Шардара ауданының полицейлері Шардара су қоймасының аумағында заңсыз балық аулаудың кезекті жайтын анықтады. Рейд кезінде табиғатты қорғау тобының полицейлері балық шаруашылығы инспекторларымен бірлесіп, су қоймасында заңсыз балық аулаумен айналысқан екі браконьерді ұстады. Олар Келес ауданы мен Алматы қаласының тұрғындары болып шықты.

Полиция аталмыш ер адамдардан 58 келі балық (көксерке), қайық және балық аулау құрал-жабдықтарын тәркіледі.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз өндіру) бойынша тіркелді. Одан әрі заттай дәлелдемелері бар браконьерлер полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта Шардара су қоймасындағы  заңсыз балық аулау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары браконьерліктің және табиғи ресурстарды заңсыз өндірудің жолын кесу бойынша профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру