Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада алаяқтықтың 10 дерегіне қатысы бар күдікті құрықталды

Астанада полиция қызметкерлері алаяқтық жасады деген күдікпен 33 жастағы әйелді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында күдіктінің азаматтарды әлеуметтік желілер арқылы іздеп, мемлекеттік балабақшаларға қатысты жарияланымдардың астына өз қызметтерін ұсынғаны анықталды.

Әйел адам ата-аналарға балаларын мемлекеттік балабақшаға кезексіз орналастырып беруге уәде етіп, сенімдеріне кірген. Осыдан кейін азаматтардан ақшалай қаражатты өзінің банк шотына аудартқан. Қаражатты күдікті жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.

Қазіргі таңда оның осындай 10 эпизодқа қатысы бар екенін анықталды. Полиция қызметкерлері келтірілген залалдың көлемін және күдіктінің осыған ұқсас өзге де фактілерге қатысы бар-жоғын анықтайды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру