Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастаған тұрғындар жауапқа тартылды

Қала тазалығын сақтау мақсатында Түркістан қаласында рейдтік іс-шаралар өтуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейд кезінде полицейлер тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастаған 100-ге жуық тұрғынды анықтап, түсіндірме жұмысын жүргізіп, әкімшілік шара көрді.

Атап айтқанда Қызылорда тас жолы бойындағы дүкендердің бірінің иесі сауда нысанынан шыққан қоқыстарды белгіленбеген аумаққа төккені анықталды. Аталған дерек бойынша заң аясында тиісті шаралар қабылданды.

Рейд барысында полиция қызметкерлері тұрғындар мен кәсіп иелеріне тазалық талаптарын түсіндіріп, қоқысты тек арнайы белгіленген орындарға тастау қажеттігін ескертті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру