Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында есіктері ашық күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды

Түркістан облысында есіктері ашық күйде көлік тізгіндеген жүргізуші жауапқа тартылды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында есіктері ашық күйде жолда жүрген ВАЗ-21099 көлігінің жүргізушісі жауапқа тартылды.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба полицейлердің назарынан тыс қалмады. Сарыағаш ауданының тәртіп сақшылары жол қауіпсіздігін елемеген 32 жастағы жүргізушіні жедел анықтады.

Тексеру кезінде көліктің алдыңғы мемлекеттік нөмірі жоқ екені белгілі болды.

Жүргізушіге екі құқық бұзушылық бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, автокөлік айыптұраққа қойылды.

Полицияның ұстанымы қатаң: жолда адам өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге жол жоқ!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру