Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу облысында "Есептегі тұлға" ЖПІШ аясында 991 адам тексерілді

Жетісу облысында "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, профилактикалық есепте тұрған азаматтарға бақылауды күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында "Есептегі тұлға" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Іс-шараның үш күнінде полиция қызметкерлері профилактикалық есепте тұрған 991 азаматты тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексерді. Олардың қатарында әкімшілік қадағалаудағы, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған, бұрын сотталған және өзге де профилактикалық есепте тұрған тұлғалар бар.

Тексеру барысында заңнама талаптары мен белгіленген шектеулерді бұзудың 23 дерегі анықталды. Әрбір дерек бойынша заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар есепте тұрған азаматтармен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді. Кездесулерде заң талаптарын сақтау, белгіленген шектеулерді бұзбау және қайталама құқық бұзушылықтарға жол бермеу мәселелеріне баса назар аударылды.

Жетісу облысының полициясы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қайталама қылмыстарға жол бермеу және өңірдегі құқықтық тәртіпті нығайту бағытындағы жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру