Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорған полициясы борышкерін аяусыз жазалаған ер адамды анықтады

Талдықорған полициясы борышкерін аяусыз жазалаған ер адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Талдықорған саяжайларының бірінің 46 жастағы тұрғыны ауыр жарақатпен ауруханаға түскен. Дәрігерлер науқасқа 15 қабырғаның сынуы мен басқа да дене жарақаттар диагнозын қойды.

Белгілі болғандай, жәбірленуші өзінің 27 жастағы танысы тарапынан 40 мың теңгеге жуық қарыз алған. Кезекті кездесуде ерлердің арасында жанжал басталып, төбелеске ұласқан.

Күдіктіні қалалық полиция қызметкерлері ұстады. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық тергеу басталды. Тергеу кезінде ұсталған адамға келуге міндетті процессуалдық мәжбүрлеу шарасы қолданылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру