Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда қоғамдық орындарда темекі шеккендер жауапқа тартылды

Талдықорғанда қоғамдық орындарда темекі шеккендер жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорғанда Жетісу облысы полициясының жедел басқару орталығындағы бейнебақылау камералары қоғамдық орындарда темекі шегудің бірнеше дерегін тіркеді. Барлық құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қоғамдық орындарда темекі шегу айналадағы адамдарға қолайсыздық туғызып қана қоймай, заң талаптарын бұзуға әкеп соғады. Сондықтан әр азамат белгіленген тәртіпті сақтап, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізеді. Бейнебақылау жүйелері қоғамдық орындардағы ахуалды бақылауға, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға және оларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Құқық қорғау органдары тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарда белгіленген ережелерді бұзбауға және айналасындағылардың құқықтары мен денсаулығына құрметпен қарауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру