Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері “ізін суытпай” қаруланған ер адамды ұстады

Абай облысының полицейлері “ізін суытпай” қаруланған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қазанда Қ.Батыр көшесі мен Шәкәрім даңғылының бойында Семей қаласы ПБ Жедел басқару орталығының камералары арқылы қаланың орталық бөлігінде жоғары жылдамдықпен жүрген күдікті көлік көзге түседі. “Барыс-10” патрульдік экипажы автокөлікті қуып жетіп, нәтижесінде полицейлер “ізін суытпай” қаскүнемдердің көлігін ұстайды. Көліктен шыққаннан кейін ер адамдардың бірі мылтық тәрізді затты бұталар жаққа қарай лақтырып жібереді.

Жедел-тергеу тобы тапаншаға ұқсас затты, сондай-ақ 4 патронды тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, зерттеуге берілген зат атуға жарамды атыс қаруы, ал патрондар – оқ-дәрілер.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық адамдар анықталды. 36 жастағы ер адамға қатысты ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі бойынша (Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшылық қаруынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеу басталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Жүргізушіге қатысты жол-қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін 7 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру