Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысының полицейлері есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

Абай облысының полицейлері есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 қазанда “Учаске” ЖПІШ кезінде Тәңірбергенов көшесінде 38 жастағы ер адамның басқаруындағы Toyota автокөлігі тоқтатылды. Жеті жыл мерзімге басқару құқығынан айырыла тұра, көлік жүргізіп жүргені анықталады.

Жүргізушінің өзін ұстауы тәртіп сақшыларына күдік тудырғандықтан, оны медициналық куәландыруға жібереді. Оның қорытындысына сәйкес, көлік құралының жүргізушісі есірткілік масаң хәлде болған.

Көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан және жүргізушіге қатысты есірткілік мас күйінде автомобильді басқарғаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұсталған ер адам ҰҰИ-на қамалды. Көлік құралы арнайы автотұраққа орналастырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру