Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолада жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Ақмолада жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мас күйінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Оқиға 4 қарашада Бурабай кентіндегі сүт базасы аумағында болған. УАЗ Патриот автокөлігінің жүргізушісі көлікті күдікті жүргізіп, Ақмола полицейлерінің назарына ілікті.

Бұрылыс сигналын өшірмей, жол бойымен “билеп” жүрген ПД патрульдік полиция ротасының “Әскер 1” автопатрулі экипажының қызметкерлері жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіргелі тұрған көлік құралын тоқтату туралы шешім қабылдады.

Полицейлер  Бауыржан Ғалымов пен  Айбек Алпысбаевтың жедел әрекеттерімен құқық бұзушы тоқтатылды. Жүргізушіден алкогольдің өткір иісі шығып тұрды. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізуші тәртіп сақшыларының талаптарына бағынбай және көліктен шықпай, кент бағытына күрт қозғала бастаған. Жарты сағат бойы Ақмола полицейлері мас жүргізушіні қудалап, нәтижесінде жол талғамайтын көлік тоқтатылды.

Жүргізуші басқарудан шеттетіліп, медициналық тексеруден өту үшін медициналық мекемеге жеткізілді. Сарапшылардың қорытындысына сәйкес, Бурабай ауданының 37 жастағы тұрғыны орта дәрежелі мас күйінде болған. Көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру