Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерейментауда ГАЗель жүргізушісі заңсыз ұсақ мал тасымалдаған

Ерейментауда ГАЗель жүргізушісі тиісті құжаттарсыз 20-дан астам қой тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

5 қарашада Астана-Ерейментау-Шідерті автожолының 157 шақырымында ПД патрульдік полиция ротасының қызметкерлері елорда тұрғынының басқаруымен ГАЗель автокөлігін тоқтатты. Ол тиісті құжаттарсыз 22 қой тасымалдаған.

Іс материалдары ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тарту үшін өңірлік ветеринариялық инспекцияға жіберілді.

Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысының аумағында ағымдағы жылдың 3 қазанынан бастап “Қаңғыбас мал” профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабына сәйкес жаю ережелерін бұзғаны үшін 567 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Мамандандырылған қораларға 3903 ауыл шаруашылығы жануарлары, оның ішінде 2462 жылқы, 1076 ірі қара мал және 365 ұсақ мал қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру