Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да саптық байқау барысында жеті полиция офицері марапатталды

СҚО-да саптық байқау барысында жеті полиция офицері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Динамо” стадионында Петропавл гарнизоны полициясының кешенді күштерінің гарнизондық таратуындағы саптық байқауда төрт офицерге арнаулы атақтар табысталып, тағы үш қызметкер спорттағы жетістіктері үшін марапатталды.

Патрульдік полиция, учаскелік инспекторлар, облыстық аппарат пен қалалық полиция ведомстволарының қызметкерлері – саптық байқауға облыс орталығында орналасқан полицияның жеке құрамы қатысты. Командирлер қызметкерлердің дала жағдайында, жылдың суық мезгілінде қызмет атқаруларына дайындығын тексерді; нысанды киім мен маусымаралық кезңде пайдалану үшін қызметтік автокөліктің жағдайы тексерілді.

Полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов Екінші полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары Жасур Ильхомов пен Әділ Қайыржановқа “полиция лейтенанты” арнаулы атақтарын табыс етті. Облыстық Полиция департаментінің инспекторлары Гариф Хамзаев пен Жалғас Мақышевқа “полиция майоры” атақтары берілді. Бұдан бөлек, спорттағы жеңістері мен жетістіктері үшін облыстық полицияның қызметкерлері Ибрагим Беков, Ердәулет Өскенбай мен Айдар Жүніспаев грамоталармен марапатталды.

Айдын Қабдұлдинов жеке құраммен тәртіптің қатаң сақталуына, сондай-ақ азаматтарға сыпайы және құрметпен қарауға, барлық өтініштерге ден қоюға және проблемалық жағдайларды шешуге қатысуға бөлініс басшыларының назарын аудартты.

Саптық байқау ведомствоның Мәдени орталығының үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы музыканың сүйемелдеуімен жеке құрамның салтанатты маршымен аяқталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру