Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысының тәртіп сақшылары есірткі сатушыны ұстады

Қостанай облысының тәртіп сақшылары есірткі сатушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора-2022” операциясы басталғаннан бері Қостанай полицейлері 137 қылмыстық есірткі құқық бұзушылығын анықтады.

Бұл туралы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асылбек Әлмағамбетов мәлімдеді. Полиция қызметкері республикалық ЖАШ Қостанай облысының аумағында 1 маусымнан 31 қазанға дейін жалғасқанын баяндады. Осы уақыт ішінде 43 өткізу фактісі, 20 контрабанда фактісі және аса ірі мөлшерде есірткіні сақтаудың 7 фактісі, сондай-ақ ҚР ҚК 300-бабы бойынша “Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру” бойынша 3 факті анықталды.

Мысалы, Жітіқаралық полицейлер “Қарасора-2022” жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі заттарын сатумен айналысқан Жітіқара қаласының 32 жастағы тұрғынын ұстады. Тінту барысында күдіктінің пәтерінен ішінде жасыл түсті ұнтақ заты бар түйіншектер табылып, тәркіленді. Сараптама нәтижелеріне сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы 63,93 грамм үлкен мөлшерге жататын марихуана болып есептеледі.

Есірткі сатушы ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру