Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясының тыңдаушыларына сертификат табысталды

Алматы академиясында ІІО-ның басшы құрамын даярлау факультетінің тыңдаушыларына сертификаттар табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін ІІМ Алматы академиясында ішкі істер органдарының басшы құрамын даярлау факультетінің тыңдаушыларына салтанатты түрде сертификаттар тапсыру рәсімі өтті.

Академия бастығы Айдар Сайтбеков өзінің құттықтау сөзінде факультет түлектерінің ведомстволық жоғары білім берудің жаңғыртылған бағдарламасы бойынша білім алғанын, аталған бағдарламада ішкі істер органының басшысына қажетті басқарушылық менеджмент, шешендік өнер, бұқаралық ақпарат құралдарымен ұтымды байланыс жасау тәсілдері де қамтылғанын атап өтті.

Академияның ардагерлер кеңесінің төрағасы Талап Қабденов та жоғары білікті жаңа полиция басқарушыларын құттықтап, түлектерге алдағы жауапты жұмыста жетістіктер тіледі.

Осы айтулы оқиғаға орай Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің студенттері өнер көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру