Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында орта басшы құрамды даярлау факультетінің тыңдаушыларына сертификаттар табысталды

Алматы академиясында орта басшы құрамды даярлау факультетінің тыңдаушыларына сертификаттар табысталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясында орта басшы құрамды даярлау факультетінің (№2 факультет) тыңдаушыларына салтанатты түрде министр Марат Ахметжановтың тапсырмасымен сертификаттар табысталды.

Түлектерді академия бастығы А.Сайтбеков құттықтады. Ол бүгіннен бастап тыңдаушылардың өмірінде академия қабырғасында алған білімдерін қызметте іскерлікпен көрсетуге, ІІО-ын жаңғыртуға белсенді қатысуға, Қазақстан полициясының беделін арттыруға, жұмыстың аса маңызды салаларында жоғары жетістіктерге жетуге мүмкіндік беретін жаңа кәсіби кезең басталатынын атап өтті.

Салтанатты жағдайда тапсырылған сертификаттар білім беру бағдарламалары аясында алынған басқарушылық құзыреттердің, тәжірибелік мәселелерді шешудегі заманауи тәсілдердің дәлелі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру