Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семейде алаяқтық жолмен ақша таппақ болған зейнеткер ұсталды

Семейде алаяқтық жолмен ақша таппақ болған зейнеткер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 қыркүйекте Әуезов ПБ 102 арнасына 63 жастағы азамат жүгінді. Ол өзін алдау және сенімге қиянат жасау жолымен “Жас отбасы” бағдарламасы арқылы кезеккке қойып беремін деген сылтаумен, 100 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденіп кеткен бейтаныс әйелге қатысты шара қабылдауды сұрайды.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының арқасында 62 жастағы зейнеткер әйел анықталды. Ол жауап алу барысында өз кінәсін мойындады, алайда ақшаны жұмсап тастаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Осы баптың санкциясымен бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл түрінде не сол мөлшерде түзеу жұмыстарымен не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту арқылы немесе екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру