Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Таразда зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды

Таразда зейнетақы мөлшерін ұлғайтуға уәде берген ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының Полиция басқармасы 1-полиция бөліміне алаяқтық дерегі туралы облыс орталығының 60 жастағы тұрғыны шағымданды. Азаматша ер адамның сеніміне кіріп, зейнетақы төлемдерін көбейтуге көмектесу сылтауымен оның 950 мың теңгесін алдап алып, иемденіп кеткенін хабарлады. Алайда жәбірленушіге уәде етілген көмек те көрсетілмеген, ақшасы да қайтарылмаған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ұсталған азамат өз кінәсін толығымен мойындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру