Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер ШҚО тұрғынынан мылтық пен оқ-дәрілерді тәркіледі

Полицейлер ШҚО тұрғынынан мылтық пен оқ-дәрілерді тапты. 51 жастағы ер адам мылтық пен 11 оқ-дәріні үйде заңсыз сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Серебрянск қаласы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері қала тұрғынының өз үйінде тіркелмеген атыс қаруын сақтайтыны туралы жедел ақпарат алған.

Тексеру барысында ақпарат расталған. Тәртіп сақшылары ведомстволық деректер базасын пайдалана отырып, қарудың тіркелмегенін анықтаған, нәтижесінде полиция қызметкерлері қару-жарақ пен патрондарды тәркілеген.

– Баллистикалық сараптаманың қорытындысы бойынша аталған қару ИЖ-18Е маркалы 32 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, 32 калибрлі 11 патрон және олар оқ атуға жарамды, – деді Алтай ауданы ПБ бастығы Жанболат Асқар.

Ер адам мылтықтың марқұм ағасынан мұраға қалғанын айтқан. Алайда тәртіп сақшылары егер қайтыс болған туысқанынан қару-жарақ пен оқ-дәрі қалса, ал әлеуетті мұрагердің рұқсаты мен лицензиясы болмаса, оны заңсыз сақтағаны үшін жауапкершілікке тартылмау үшін дереу полицияға тапсыру қажет екенін ескертеді.

Серебрянск қаласының 51 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы бойынша (Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз сатып алуы, беруі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, ол қару мен оның құрамдас бөліктерін тәркілей отырып, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру