Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде боди-массаж салонының заңсыз қызметі жойылды

Өскеменде боди-массаж салонының заңсыз қызметі жойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласындағы салондардың бірінде жеңгетайлық фактісін анықтаған. Онда жұмысшылар жалпы массажды желеу етіп, боди-массаж деп аталатын эротикалық сипаттағы интимдік қызметтер көрсеткен.

Белгілі болғандай, қызмет құны 15-20 мың теңге аралығында болған.

Аталған факті бойынша 39 жастағы мекеме әкімшісі әшкереленді, ол интернет-сайттардың көмегімен клиенттерді тауып отырған. Оқиға орнынан клиенттің өзіне көрсетілген интимдік қызметі үшін төлеген ақшасы тәркілеген.

Күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 309-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы бапқа сәйкес әйелді мүлкін тәркілей отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза күтіп тұр.

Онымен бірге басқа қаладан жұмыс істеуге келген 18 бен 31 жас аралығындағы салонның 4 қызметкері де ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру