Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қайғылы жол апаты болды

ШҚО-да қайғылы жол апаты болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 қарашада сағат 14: 00 шамасында Өскемен-Риддер автожолының 3-ші шақырымында Глубокое ауданы Опытное поле ауылының бұрылысында Nissan Note және Toyota Land Cruiser автокөліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

ЖКО салдарынан Toyota Land Cruiser автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы ауыр дене жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, ал әртүрлі дене жарақаттары бар екінші жолаушы медициналық мекемеге жатқызылды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 345 -бабы 4-бөлігімен (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыруы) сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың қорытындылары бойынша процестік шешім қабылданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру