Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Заманауи технологиялар мен тиімді профилактика – қауіпсіз қоғамның негізі

Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Оңал Бекеев патрульдік полиция батальонының күнделікті қызметімен танысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

№95 стационарлық полиция бекетінде туристік полицияның жұмысы көрсетіліп, өңір қонақтарына арналған QR-код арқылы ақпарат алу жүйесі, қауіпсіздік жаднамалары және сервистік қызметтер таныстырылды.

Сонымен қатар әлеуметтік желілер арқылы жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстардың тиімділігі талқыланды. Жол қауіпсіздігі мен құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық контенттің тұрғындар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы маңызы ерекше атап өтілді.

"Қауіпсіз аула" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында аулаларда жүргізілген түсіндіру жұмыстары да назардан тыс қалмады. Өңірдің бас полицейі балалармен кездесіп, "Қауіпсіздік – өздеріңнен және ауладағы тәртіптен басталады" деп түсіндірді.

Сондай-ақ қала көшелерін патрульдеу барысында цифрлық технологиялардың мүмкіндіктері көрсетілді. Патрульдік полиция қызметкерлері Tonic-N құрылғысы арқылы көлік әйнектерінің жарық өткізгіштігін тексеру тәртібін таныстырып, заманауи техниканың жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызын көрсетті.

Заманауи технологиялар, сервистік тәсіл және тиімді профилактика – қауіпсіз қоғам қалыптастырудың басты кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру