Атырауда жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды
Атырауда жалған нөмір таққан жүргізуші қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда 20 қазан күні сағат 23:17 шамасында "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Абай орталығының тұсында Toyota Camry автокөлігі тоқтатылды.
Тексеру барысында көліктің алдыңғы мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісінің қолдан жасалғаны анықталды.
Аталған құқық бұзушылық бойынша әкімшілік шарасы алынып, мамандандырылған сотқа жолданды.
Сот шешімімен жүргізуші бір жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылып, екі тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
