Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер мал ұрлығы мен малдың кесірінен болатын апаттардың алдын алуда

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері мал ұрлығы және үй жануарларының кесірінен болатын апаттардың алдын алу бойынша шаралар қабылдауға шақырады. Бұл маусымаралық және күн райы суытқан кезде ерекше өзектілікке ие болады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжірибе көрсеткендей, мал ұрлығы күздің аяғында және қыста күшейеді. Жылқы мен ірі қара мал ұрлығының алдын алудың тиімді шарасы еркін жайылымға жол бермеу. Малды үшжақты шарттар жасасу, сондай-ақ міндетті таңбалау арқылы бақылау қажет. Бұдан бөлек, GPS трекерлер, сондай-ақ “электрондық шопан” жүйелері сияқты техникалық құралдарды да пайдалануға болады.

Талдау көрсеткендей, көбінесе ірі қара мал қаскөйлердің қол сұғушылық объектілеріне айналады. Ұрлықтар жайылымдарда жиі тіркеледі. Облыс аумағында қаңғыбас малды қамауға арналған 230 қора бар. Жыл басынан бері полицейлер осындай арнайы қораларға 9700 бастан астам малды қамады.
Қараша айындағы тұман мен көктайғақ кезінде автомобиль жолдарының жанында жайылып жүрген жануарлар ерекше алаңдатады. Учаскелік полиция инспекторлары ауыл тұрғындарына жарық қайтарғыш элементі бар таспалардың пайдалылығын еске салады.

Жүргізушілер де өте мұқият болуы керек: таңертең, түстен кейін және түнде көлік қозғалысы көп қала маңындағы жолдарда бөлек-бөлек жайылып жүрген жылқылар мен сиырлар ғана емес, қой отарлары да тұруы мүмкін. Жол үстіне жабайы жануарлар: еліктер, бұландар және басқа да аңдар жүгіріп шығуы ықтимал.

Полицейлер ескерткендей, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзу үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл осындай әрекет – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Жыл басынан бері осы бұзушылық үшін 3500-ден астам әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру