Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында жоғалған банк карталары арқылы жасалған ұрлық анықталды

Ақмола облысында жоғалған банк карталары арқылы жасалған ұрлық анықталды, ,- деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының полиция департаменті азаматтарға банк карталарын сақтауда сақтық танытып, бөгде адамдардың қолына түсуінен қорғау қажеттігін ескертеді. Басқа біреудің төлем картасынан рұқсатсыз ақша алу – қылмыстық құқық бұзушылық.

7 желтоқсан күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына жергілікті тұрғын шағымданып, өзінің жоғалған банк картасымен белгісіз тұлғалардың дүкенде 30 мың теңге көлемінде төлем жасағанын хабарлады. Сол күні ұқсас өтініш тағы бір қала тұрғынынан келіп түсті. Оның да картасымен сауда нысандарының бірінде түрлі сатып алулар төленген.

Полицейлердің жедел іс-қимылының арқасында рұқсатсыз транзакция жасаған тұлғалар анықталды. Қазіргі таңда екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Полиция департаменті азаматтарға маңызды ескертулер жасайды: басқа біреудің төлем картасын иесінің рұқсатынсыз пайдалану, банкоматтан ақша алу немесе тауарлар мен қызметтерге төлем жасау – қылмыстық жауапкершілікке алып келетін әрекет екенін естен шығармау керек.

Егер сіз банк картаңызды жоғалтып алсаңыз, оны дереу банкке хабарлап, рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу үшін картаны бұғаттауды ұмытпаңыз. Қауіпсіздік шаралары – өз қаржылық қауіпсіздігіңіздің кепілі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру