Қостанай облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне марихуана алып кірмек болған азамат ұсталды
Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №38 мекемесінде бақылау-өткізу пунктінде көлік құралын тексеру барысында күдік тудыратын орама анықталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Мекеме аумағына кіріп келе жатқан автокөлікті тексеру кезінде жүргізуші орындығының артқы жағынан оқшаулағыш таспамен оралған зат табылды. Оның ішінен өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат анықталды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 3,90 грамм марихуана есірткі заты екені белгілі болды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды.
ҚАЖ қызметкерлері мекемелерде белгіленген режим мен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ тыйым салынған заттардың мекеме аумағына өтуіне жол бермеу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізуде.
