Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесіне тыйым салынған затты алып кіру әрекетінің жолы кесілді

Абай облысындағы орташа қауіпсіздік мекемесінде ақша қаражаты мен USB құрылғысын заңсыз алып кіру әрекетінің жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Семей қаласындағы орташа қауіпсіздік мекемесінде жедел бөлімінің қызметкерлері 5511 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп, мекеме аумағына 10 мың теңгеден астам ақша қаражаты мен USB құрылғысын заңсыз алып кіру әрекетінің жолын кесті.

Келушінің сыртқы киімін тексеру барысында қызметкерлер ішкі қалтасына жасырылған ақша қаражаты мен USB құрылғысын анықтады.

Тексеру барысында Семей қаласының 61 жастағы тұрғыны жазасын өтеп жатқан танысымен қысқа мерзімді кездесуге келгені белгілі болды. Танысының өтініші бойынша азамат тыйым салынған заттарды сыртқы киімінің ішкі қалтасына жасырып, мекеме аумағына алып кіруге әрекет жасаған.

Аталған азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

— Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне тыйым салынған заттарды алып кіру әрекеттерінің жолы дереу кесіледі. Әрбір келуші белгіленген қағидалар мен режим талаптарын қатаң сақтауға міндетті. Мұндай құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген, — деп атап өтті жедел бөлім бастығы Ернар Ибраев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру