Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарлық көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, тағы да мас күйде рөлге отырған

Павлодарлық көлік жүргізу құқығынан айырылғанына қарамастан, тағы да мас күйде рөлге отырған, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар – Успенка автожолында, Заңғар мен Ефремовка ауылдарының арасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Mitsubishi Carisma автокөлігін тоқтатты. Рөлде Астана қаласының 31 жастағы тұрғыны болған.

Тексеру барысында жүргізушінің жеңіл дәрежедегі алкогольдік мас күйде көлік басқарғаны анықталды. Бұл медициналық куәландыру қорытындысымен расталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Бұл азамат 2023 жылы көлік құралын басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру