Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сұрақ/Жауап

Мен 1993-2012 жылдар аралығында ІІО қызмет еттім. Шымкент қаласындағы Көші-қон қызметінде жұмыс істеп жүрген кезімде аттестациядан өтпей қалдым, пенсияға 2 ай қалып еді. Аттестация кезінде сынақтардың бәрін тапсырған болатынмын. Енді қайта ІІО-на жұмысқа тұрып, пенсияға шығуыма мүмкіндік бар ма?

Жауап:
Құрметті Қалдарбек Жоланұлы!
«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес ішкі істер органдарында қызмет етудің шектi жасы полиция майорға дейiн – қырық сегіз жасқа.
Осыған байланысты Сіздің жасынызды ескере отырып қызметке қайта қабылдау туралы өтінішіңізді орындау мүмкін емес.

Мен Түркістан облысының ПД жұмысқа тұрғым келіп еді. 2019 жылдың күзінде резервте болған кезімде жұмыстан шығарып жіберді. Маған ешқандай должность ұсынған жоқ.

Жауап:
Құрметті Ғалымжан!
​Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, ІІО қызметіне құқық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлерін қабылдау құқығы аумақтық бөлініс басшыларына жүктелген.
​Қызметке қайта қабылдау кезінде соңғы қызмет орны бойынша сипаттайтын материалдарды, оның ішінде қызмет ету уақытында салынған тәртіптік жазаларды, біліктілік талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ қайтадан жұмысқа орналасуға кедергі келтіретін ақпараттың болмауы ескеріледі.
Осыған байланысты, жұмысқа қайта орналасу мәселесі бойынша тұрғылықты мекенжай бойынша Ішкі істер департаментіне немесе ІІО-ның басқа да бөліністеріне өтініш білдіруіңізге болады. Бос лауазымдар болған жағдайда және Сіз белгіленген талаптарға сай келген жағдайда аталған мәселе жалпы негізде қаралатын болады.

Менің жолдасым-Қалжанов Бақтыбай көліктегі полицияда жұмыс істейді, Нұр-Сұлтан мен Алматының ортасында поезда жүреді. 3 баламыз бар, 4-ші балаға аяғым ауыр. Пәтер жалдап тұрамыз. Барлық қызметкерлер карантин кезінде премия алғанда, менің күйеуім премия алған жоқ. Енді қызметін Алматыға ауыстырғымыз келген, отбасымызбен бірге тұрайық деп едік. Ауысу үшін запрос жасады, бірақ делосын жібермей жатыр. Қалжанов Бақтыбайдың қызметін Алматыға ауыстыруыңызды сұраймын».

Жауап:
Құрметті Ұлтұған!
​Карантиндік іс-шараларды өткізу кезінде қызметкерлерге сыйақы беру тәртіптік жазалары жоқ қызметкерлерге кезең-кезеңмен жүргізілді. Сіздің жұбайыңыздың күші жойылмаған екі тәртіптік жазасы болғандықтан, оған сыйақымен көтермелеу жүргізілген жоқ.
Көліктегі Полиция департаментінің ақпараты бойынша Сіздің жұбайыныздың жеке ісі ағымдағы жылдың 12 маусымда Алматы қаласы Полиция департаментіне ауыстыру мәселесін шешу үшін жіберілді.

2018 жылы шілдеде Тайпақ полиция бөлімінде қару қызметті қару ұрланды. Соған байланысты 6 адам 83 бап, 1-бөлім, 12 тармақ бойынша жұмыстан шығарылды. Мен өзім органда 13 жыл қызмет жасадым. Тексерулер нәтижесінде кейін қаруды алған адам анықталып, жазаға кесілді. Қазір жазасын өтеуде.Енді менің сұрағым, мен қайтадан ІІО органдарына жұмысқа қабылдана аламын ба. Біздің кінәміз толық анықталмай жатып, тым қатаң жаза қолданылды деп есептеймін. Қазір осы статьяға байланысты ешқайда жұмысқа кіре алмай отырмын. Төтенше жағдай, өрт сөндіру бөлімдері түгілі, «жедел жәрдем» де статьяңыз бар екен деп жұмысқа алмайды. Үш балам бар, екі жыл болды жұмысқа кіре алмай жүрмін. Тым болмағанда басқа жаза қолданғанда, бұлай қиналмас едік. Біз ешқандай қылмыс жасаған жоқпыз ғой. 13 жыл қызметімізді ескеріп, менің тарапымнан қылмыстың орын алмағаны ескеріліп, қайта қызметке алса деймін. Осы жағынан қандай көмек болар екен?

Жауап:
Құрметті Азамат Б.!
«Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 6-бап 2-тармағы 9-тармақшасына сәйкес ішкі істер органдарына құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған адам қабылданбайды.
Осыған байланысты Сізді ІІО қызметке қайта қабылдау туралы өтінішіңізді орындау мүмкін емес.

Мен 2019 жылға дейін Теміртауда Жол-патрульдік полицияда қызмет атқардым. Сол жылы қару ұрлануға байланысты жұмыстан шығарылдым. Негізі менің кінәм дәлелденген жоқ. Камералардағы бейнежазбада маған ешкім қару бергемені анық көрінеді. Бірақ соған қарамастан, мен жұмыстан шығарылдым, қылмыстық құрамның болмауына байланысты іс тоқтатылды. Мен қайта-қайта арызданғанымен ӨҚД арызымды алып, біздегі ӨҚБ-на жібереді. Олардың шығарған шешімі әлгіндей болып қайталанып келе береді. Мен органда 10 жылдай қызмет атқарған едім. Сізден осы істің әділ қаралуын сұраймын.

Жауап:
Құрметті Руслан!
Министрлікпен Қарағанды облысы Полиция департаментінен осы факті бойынша құжаттар сұратылды. Зерделеу нәтижесі Сізге қосымша хабарланады.

2005-2009жж. КазГУ-ді аяқтадым.
​2009 жылы ІІО-на учаскелік полиция инспекторының көмекшісі болып жұмыс істедім. Онда бастықтар дұрыс қарамады жұмысыма. Мен шынайы жұмысты бағалауды сұрадым. Аттестациядан өткізбей тастады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы туралы заңнан құладым. Жалпы фундамент бар, ІІО-на қайта жұмысқа орналасқым келеді. Бостандық АПБ-на бардым бірақ ешкім жауап бермеді.

Жауап:
Сіздің өтінішіңізге сәйкес, Сіз Ішкі істер органдарынан (бұдан әрі-ІІО) аттестаттаудың қорытындысы бойынша анықталған қызметке сәйкес келмеуі бойынша жұмыстан шығарылғансыз.
«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қызметкерлерді аттестаттау олардың кәсіптік даярлығының, құқықтық мәдениетінің деңгейін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау бойынша мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын рәсім болып табылады.
Егер, ІІО-на қайтадан қабылдауға ниет білдірсеңіз Сізге Алматы қаласының Полиция департаментіне жүгіну қажет, себебі қызметке алдын ала зерделеу және іріктеу бөлімшелердің кадр аппаратымен жүзеге асырылады.
Үміткерді зерделеу процесінде оның денсаулық жағдайы, білімі, үміткер лауазымына қойылатын талаптарға сәйкестігі, сипаттайтын материалдар, соңғы аттестаттау қорытындылары, сондай-ақ қызметтен босатылғаннан кейінгі еңбек қызметі анықталады.
Үміткерді зерделеудің нәтижелері бойынша бөлімшенің басшылығы тиісті шешім қабылдайды.

Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ішкі істер бөліміне арыз жазған болатынмын 2019 жылы Павлодар қаласында алаяқтар 72.000 теңге көлемінде ақша алып авто көлік құралын сатып алу жөнінде. Енді Павлодар қаласында сол алаяқтар ұсталыпты сол жөнінде толық мәлімет алып, істі қарауларыңызы сұраймын.

Жауап:
2020 жылғы 9 мамырда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар облысының Полиция департаменті интернет желісінде (Kolesa.Kz және OLX сайттарында) қосалқы бөлшектерді сату және жеткізу туралы жалған хабарландырулар орналастыру жолымен Қазақстан Республикасының әр түрлі аймақтарының тұрғындарына қатысты Павлодар қаласының аумағында осыған ұқсас қылмыстарды жасаған адамдар тобын анықтап, ұстады.
Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті қызметкерлері «Сарыарқа» ауданының ПБ жанындағы Пб өндірісіндегі қылмыстық іс шеңберінде Сізге қатысты жасалған қылмысқа олардың қатыстылығы тексерілуде.

Саламатсыздар ма, менің қояр сұрағым бар еді, полицейлерге арендное жилье последующим выкупом алған үйлеріміздің ай сайынғы төлейтин акшасын төлеп береді ма? Мен Жылдам кимылдайтын арнайы жасақта жұмыс жасаймын, бізде қызметкерлер квартирный алады, ал бізге квартирный төленбейді себебі ипотекаға үй алғанмын. Бізге де, яғни ипотекаға алған үйіміздің ай сайынғы төлем сомасын төлеуге болмайды ма, бізде үйді как квартира сияқты төлеп отырмыз ғой ай сайын. Осы сұраққа жауап жазыңыздаршы, өтініш.

Жауап:
Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңына сәйкес ішкі істер органдары қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері үшін бірқатар әлеуметтік кепілдіктер, оның ішінде қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз ету немесе тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін өтемақы төлеу көзделген.
Қазіргі күні, Ішкі істер министрлігі тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін өтемақы алатын ІІО қызметкерлерін әскери қызметшілерге ұқсас тұрғын үй төлемдері механизміне көшіруді көздейтін Заң жобаларына түзетулер әзірленді, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде қарастырылуда.
Заң жобасы аясында ағымдағы тұрғын үй төлемдерін төлеу механизмі қарастырылған, оның шарттарының бірі ІІО қызметкерлерінің осы елді мекенде мемлекеттік тұрғын үй қорынан алған тұрақты пайдалануындағы тұрғынжайы болмауы.
Сіздің жағдайда, Сіз мемлекеттік тұрғын үй қорынан кейіннен сатып алу құқығымен тұрғын үйді жалға алып тұрғын үйге мұқтаж мәртебесінен айырылып отырсыз, сол себептен Сізге тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін өтемақы және болашақта көзделіп отырған ағымдағы тұрғын үй төлемдері де төленбейді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» Заңының 1 бабы 4) тармақшасына сәйкес жылжымайтын мүлiк ипотекасы – кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк тұлғаның иелігі мен пайдалануында қалатын кепiл түрi болып табылатынын қосымша хабарлаймыз.

Менің ажырасып келіп отырған қызым бар еді. Есімі-Әділбекова Мейіржан Ақылбекқызы 1992 жылы туған. Заң жүзінде 2017 жылы наурыз айында ажырасты, 3 баласы бар. Күйенің айлығының 50 пайызы алиментке өту керек. Бірақ бұрынғы күйеу баламыз Тұрғаналиев Арыстанбек Мирзабекұлы (1990 жылы туған) бір жылға дейін алимент төлемейтіндердің қатарына енген жоқ. 2018 жылы облыстық ПД-ға барып алимент төлемейтіндердің қатарына қостық. Арызды «Ержігіт» деген қызметкер қабылдады. Бұған дейін жеке сот орындаушы Мырзабаев Берік бір жылға дейін алимент төлемеушілердің қатарына енгізген жоқ. 2020 жылы қаңтарда оны әкелік құқықтан айыру үшін сотқа шағымдандық, отказ болды. Себебі ҚР ҚК-нің 139-бабына тартылмаған екен. Ал біздің адвокат ҚР ҚК-нің 139-бабымен жауапқа тарту үшін шағымданған болатын. Қордайдың аудандық полициясынан «Мадияр» деген майор звондады. «Негіз жоқ» – деп іс қайтарылды. Оның қазіргі қарызы 2 млн асып кетті. Прокуратураға да шағымдандық, онда арызды Ұлан Әбдішүкір қабылдады. Тұрғаналиев Арыстанбек балаларың сұрамайды, көмектеспейді, туған күндеріне келмейді. Осы ретте, оны жауапкершілікке тартып, алиментті өндіріп беруіңізді сұраймыз».

Жауап:
Құрметті Жаннат!
Сіздің А.М. Тұрғаналиевке қатысты арызыңыз бойынша Жамбыл облысы Қордай ауданының полиция бөлімінде ҚК-нің 139-бабы (балаларды күтіп-баптауға қаражатты төлеуі бойынша міндеттерді орындамауы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Жамбыл облысы Полиция департаментіне жан-жақты және объективті тергеуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізетін орган заңмен белгіленген тәртіпте Сізге тергеу нәтижелері туралы хабарлайтын болады.
Қылмыстық істің барысында туындаған мәселелер бойынша Жамбыл облысы ПД бастығы Ж.Қ. Сүлейменовке 87262-99-70-06 телефоны бойынша немесе оның тергеу бойынша орынбасары Т.А. Оразымбетовке 87262-99-70-03 телефоны бойынша жеке қабылдауына жазылуыңызға болады.

Былтыр күзде Министрдің қабылдауында болдым. Содан кейін қылмыстық істі ашты. Шашамен 1,5 айдан кейін істі қайта жауып тастады. Мен А. Балаеваның да қабылдауында болдым, сол қабылдаудан кейін істі қайта ашты. Яғни алаяқтық пен рейдерлік бойынша істі қайта жандандырды. Бүгінде қылмыстық іс тергеліп жатқан жоқ, тоқтап тұр. Менің шағымымды назарға алуыңызды сұраймын. Мүмкін болса, Орал қаласына арнайы тергеуші жіберсеңіз?

Жауап:
Құрметті Сәкен Ж.! Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Сіздің арызыңыз бойынша Ресей Федерациясының азаматтары И. Айзатуллинге, Т. Фаттаховқа және т.б. қатысты ҚК-нің 194-бабының 2-бөлігі (қорқытып алу) және 249-бабы (рейдерлік) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.
«Орал Логистик» ЖШС, «Хладоленд» ЖШС құрылтайшыларының бірі –
А. Разинский Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан, осы мемлекеттің құзыретті органдарына жауап алу үшін тапсырма жолданды.
​Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысының прокуратурасына «VITОSHA-63» ЕООD компаниясына қатысты құжаттамаларды алу және оның басшылығынан жауап алу үшін Болгария Республикасының құзыретті органдарына құқықтық көмек көрсету туралы тапсырма жолданды.
​ІІМ-нің Тергеу департаменті Батыс Қазақстан облысының Полиция департаментіне істің мән-жайларын толық, жан-жақты, әрі объективті зерделеуді тапсырды. Тергеу барысы бақылауға алынды.
​Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу мерзімі ҚПК-нің 45-бабы негізінде (құқықтық көмектер алумен байланысты процестік әрекеттерді орындау) тоқтатылған.
​Қылмыстық істі ІІМ Тергеу департаментінің өндірісіне тапсыруға негіз жоқ санаймыз.

Осыдан 4 жыл бұрын полиция қызметкері, сол уақытта гаишник болған Д. Дауленов қылмыс жасады, яғни жалған құжат жасап менің көлігімді сатып жіберді. Қылмыстық іс тоқтап тұр. Қылмыстық іс әділ тергелсе деймін, көлігім әлі табылған жоқ. Кінәлі полицейлер жаза алған жоқ. Осы сұраққа Саданов мырза өзі жауап берсін, бірнеше рет хабарластым.

Жауап:
Құрметті Сәкен, 2016 жылы адвокат Б. Айметовке қатытсы ҚК-нің 195 бабы (алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен мүліктік залал келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу нәтижесімен оған айып тағылып, іс сотқа жіберілген.
​Сот барысында Б. Айметов кінәлі деп танылып, Оңтүстік Қазақстан облысының (Кентау қалалық және Қаратау ауданының) сотының үкімімен оған жаза тағайындалған.
​Ал полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс ҚК-нің 362-бабы (билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану) бойынша Түркістан облысы Өзіндік қауіпсіздік басқармасында тергелуде.

Былтыр мен Жакуповтың қабылдауында болдым. Мен Башибаевтың алаяқтық әрекеттеріне қатысты арызданған болатынмын. 2 жыл болды қылмыскер жауапкершілікке тартылған жоқ, қылмыстық іс объективті тергелмей жатыр. Мені әуре-сарсаңға салды. Осыған қатысты шара қолдануыңызды сұраймын.

Жауап:
Құрметті Арман Ғ., Сіздің арызыңыз бойынша Башибаевқа қатысты толықтай тергеу әрекеттері жүргізілді, Башибаевтың кінәсі дәлелденбеді, сол себепті аталған қылмыстық іс қысқартылды. Бүгінде іс заңдылығын тексеру үшін Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» аудандық прокуратурасына жолданды.

2 жыл бұрын 27 бас малымызды ұрлаған. Қылмыскерді өзіміз ұстап апарамыз полиция бөлімшесіне, еш нәтиже жоқ. 2019 жылдың қаңтар айында Шардара полиция бөлімшесіне арыз жаздық мал ұрлығы бойынша. Полиция қылмыстық істі 4 рет қысқартқанымен, прокуратура істі қайта қозғады. 25.01.2020 жылы қайта жаздық арыз полицияға, алайда іс созбалаңға салынып, сағызша созылуда. Полиция жұмыс істемейді мардымсыз. 1402 нөміріне хабарласқанмен еш нәтиже жоқ, соңынан көтермей қойды телефонды. Наурыз айында форнт-офис арқылы электронды шағым түсірдім. Еш нәтиже жоқ. Шара қабылдап, істің ашылуын сұраймын.

Жауап:
Құрметті Шынболат!
2019 жылдың қаңтарында Сіздің арызыңыз бойынша Шардара ауданының ПБ ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша қылмыстық істі тіркелді.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайтадан қозғалып, сот-қолтаңба сараптамасын тағайындады, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады.

2011 жылы обл гаидан машинаның нөмірін алдым, бірақ оны олар тіркемеген екен, кейін білдім. Жыл сайын налогын төлеп жүрдім. Оның қалай тіркелмей қалғаны белгісіз. Осының шешімін тауып бересіз бе?

Жауап:
Құрметті Жалғас!
ІІМ-нің «Тіркелген автомотокөлік құралдары» біріктірілген деректер банкіне тиісті түзетулер енгізілгенін хабарлаймыз.

Мен 2019 жылы Шымкент қаласындағы Уақытша ұстау изоляторында жұмыс істеп, 45 жаста зейнетке 47 мың теңгемен шықтым. Зейнетке шыққан соң 3 айдан кейін полиция қызметкерлерінің жалақысын 25 пайызға өсірді. Енді осы жалақының өсуіне байланысты менің де зейтақыма үстеме қосылу мүмкіндігін қарастыруды сұраймын және мүмкіндік болса 6 бала-шағамды асырау үшін ІІО-на қайта жұмысқа орналасқым келеді.

Жауап:
Сіз Ішкі істер органдарынан 2019 жылғы 12 наурызда 44 жасыңызда, «полиция аға сержанты» атағымен Шымкент қаласы ПД Шымкент қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторының жүргізуші-полицейі лауазымынан штаттың қысқаруы бойынша қызметтен босатылдыңыз.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңына сәйкес әскери қызметшілерді және ІІО-ның қызметкерлерiн зейнетақымен қамсыздандыру үшін есепке алынатын ақшалай ұстаудың мөлшері қызметтен босатылған күніне анықталады және соңғы қызмет орны бойынша тиісті органның белгіленген үлгідегі анықтамасымен расталады.
Осыған байланысты, сізге еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі сіз қызметтен босатылған күнге айқындалған ақшалай ұстау мөлшерінің 50% мөлшерінде 47 136 теңге сомасында тағайындалған.
Бұдан былай, Сіздің зейнетақы төлеміңіздің мөлшері 2020 жылғы 1 қаңтардаң бастап 7%, 2020 жылғы 1 сәуірден бастап 5% көтермелеуді есептей отырып, 52 958 теңгені құрады.
Қолданыстағы зейнетақы заңнамасында ІІО қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің ақшалай ұстауының арттырылуына байланысты еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін қайта есептеу қарастырылмағанын атап өтеміз.
Баяндалғанның негізінде, 2019 жылғы 1 шілдеден бастап жүргізілген полиция қызметкерлерінің лауазымдық жалақы мөлшерін арттыруға байланысты сіздің зейнетақы төлеміңізді қайта есептеуді жүзеге асыру үшін нормативтік құқықтық негіздер жоқ.

Осыдан бір жыл бұрын жолдасым жол-көлік оқиғасынан қайтыс болды. Велосипедпен келе жатқан кезде алдынан Жетікөлдің үш жігіті машинамен келе жатып, қағып кетеді. Ешқандай медициналық көмек көрсетпейді. Істі тергеуші Темірланов Алтынбек жүргізді. Менің күйеуімді қаққан адамдарды жауапкершілікке тартуыңызды сұраймын. Олардың біреуі ұстаз– Саханов Думанкелді, екіншісі методист – Сүйіншалиев Нұрай. Осы адамдар бостандықта жүр. Маған не материалдық, не моральдық көмек көрсеткен жоқ».

Жауап:
Осы факті бойынша Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті ҚК 345-бабы 3-бөлігімен (көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне алып келген) және ҚК 347 – бабымен (жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) сотқа дейінгі тергеуді жүргізілді.
Осы қылмыстық іс бойынша үш сот сараптамасы жүргізілді. Соның нәтижесінде, яғни екі кешенді сот сараптамасының қорытындысына сәйкес жүргізуші соқтығысуды болдырмауға техникалық мүмкіндігі болмаған.
Ағымдағы жылдың 23 мамырында қылмыстық істің өндірісі қылмыстық құқық бұзушылық белгісі болмауына байланысты қысқартылды.
Қабылданған процессуалдық шешім прокуратурада тексерілуде.
Келтірілген моральдық залалды өндіру бойынша Сіз азаматтық тәртіпте сотқа жүгінуге құқыңыз бар.

2012 жылы Семей қаласында «Жансая» базарында менің соммасы 48 мыңдай тұратын тартылған етімді ұрлап кетті. Видеосы бар. Ал, 2017 жылы жап-жаңа екі велосипедімді ұрлап кетті. Осы екі қылмыс әлі ашылмаған. Менің арызым бойынша жұмыс істеліп жатқан жоқ. Осы жасалған ұрлықтарды ашу үшін шара қолдануыңызды сұраймын».

Жауап:
Семей қаласының ПБ Орталық полиция бөлімі мүлікті ұрлау фактілері бойынша екі қылмыстық істі тергеген.
Тергеу нәтижелері бойынша ұрланған мүліктің орналасқан жері және оған қатысы бар тұлғалар анықталмағандықтан қылмыстық іс бойынша мерзімдер өндіріспен үзілген.
Қылмыстық-процестік кодекстің 45-бабы 9-бөлігіне сәйкес, күдікті тұлғалар мен ұрланған мүлік анықталғанда мерзімдерді үзуге негіз болған мән-жайлар жойылған жағдайда қылмыстық істер бойынша өндіріс дереу жаңғыртылатын болады. Ол туралы Сізге тергеу органы хабарлайды.

2019 жылы 20 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Казстройсервис Қызылорда-Нұр-Сұлтан» компаниясында жұмыс істедім. Газ жүргізу кезінде оң иығымды сындырып, миым шайқалды. Сол күні Целиноград АПБ қылмыстық іс қозғап, жұмыс берушінің кінәсі деген акт толтырды. Іс біткен жоқ. 9 ай бойы еш нәтиже жоқ. Тергеушінің аты-Мамадалиев Бағдат.

Жауап:
Қазіргі уақытта Целиноград ауданының Пб учаскедегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты болған «НГСК КазСтройСервис» АҚ учаске шебері Ж.А. Қайырқұловтың орналасқан орнын анықтау бойынша шаралар қабылдауда.
Ақмола және Батыс Қазақстан облыстарының Полиция департаменттеріне Г. Қайырқұловтың орналасқан орнын анықтау жөніндегі іздестіру іс-шараларын белсендіру және оның қылмыстық процеске қатысуын, осы іс бойынша қорытынды процестік шешім қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.
Қылмыстық істі тергеу барысында туындаған мәселелер бойынша Сіз Ақмола облысының ПД бастығы А.Х. Баймурзиннің жеке қабылдауына (8 7162-29-11-01) және оның тергеу жұмысы жөніндегі орынбасары М.Т. Бердімұратовқа (8 7162-29-10-05) жазыла аласыз.

Бізде кассадан ашқа ұрлануына байланысты 189-баппен қылмыстық іс қозғалған болатын. Бұл істі Байқоңыр ауданы Полиция бөліміндегі тергеуші қарап жатыр. Арада 1,5 жыл өтсе де әлі ешқандай қорытынды жоқ. Іс бойынша экономикалық сараптама қорытындысы жасалып, видеотехника сараптама қорытындысы да алынды. Бірақ тергеуші «карантин біткесін» деді, одан кейін тағы бір желеулер айтып істі созып келеді. Министр мырзадан, осы істің тезірек қортындылануына ықпал етуін сұраймын.

Жауап:
2019 жылғы 14 наурызда «Скиф Трейд» ЖШС-на Қазақстан Республикасының ҚК-нің 189-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
​2019 жылдың мамыр айынан бастап М. Қайырбек өзінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша Қарағанды қаласында тұрады. Төтенше жағдай мен карантин ережелері енгізілген бастап М. Қайырбек Нұр-Сұлтан қаласына келе алмады.
​Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайтадан жаңғыртылып, М. Қайырбек Нұр-Сұлтан қаласы ПД «Байқоңыр» ПБ-не шақыртылды.
​Тергеу нәтижесіне сай М. Қайырбектің әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, іс бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады.