Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер бүлдіршіннің бесінші қабаттан құлап кетуіне жол бермеді

СҚО-да полицейлер бүлдіршіннің бесінші қабаттан құлап кетуіне жол бермеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түскі үзіліске шыққан СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері Сергей Земский мен Ерболат Қожахметов оқыс оқиғаның алдын алды.

Олар Володарский көшесімен өтіп бара жатып бесінші қабаттағы ашық тұрған терезенің шетінде түрегеп тұрған баланы байқап қалды. Абырой болғанда, олар баламен сөйлесіп, пәтеріне кіруге көндірді. Баланың терезені жапқанына көз жеткізген соң, офицерлер пәтерді анықтауға кірісті. Қажетті есікті тауып, сырттан баламен сөйлесті. Бұндағы ойлары баланың терезеге жақындауын болдырмау. Осы уақытта оқиға орнына ювеналдық полиция қызметкерін және көршілері арқылы ер баланың ата-анасына телефон соқты.

Белгілі болғандай, 4 жасар баланың анасы өзіне мүгедектікті ресімдемек болыпты. Сондықтан ересектердің екеуі де ауруханада болған. Олармен профилактикалық әңгіме жүргізілді, сонымен бірге полицейлер тұтқаларға терезе толық ашылмауы үшін бекіткіштер орнатуды ұсынды.

– Мұны үйінде кішкентай балалары бар барлық адамдар жасауы керек. Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері мен құтқарушылар қауіпсіздік шараларын үнемі еске салып отырады. Мысалы, терезенің жанына орындықтар мен бала терезеге көтеріле алатын басқа да заттарды қоюға болмайды. Сақ болыңыздар және балаларды қараусыз қалдырмаңыздар, – дейді Ерболат Қожахметов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру