Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері кезекті синтетикалық есірткі “жасырушыны” ұстады

СҚО полицейлері кезекті синтетикалық есірткі “жасырушыны” ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Петропавлдағы таныстарында және жалдамалы пәтерде тұрып жүрген, облыс аудандарының бірінің 25 жастағы есірткіге тәуелді тұрғынын ұстады. Жеке тінту кезінде қара изолентамен оралған, кристалл тәріздес зат салынған 15 орама алынды. Тағы 25 түйіншек тұрып жатқан екінші мекенжайынан анықталды. Сараптама алынған заттың α-PvP – “тұз” деп аталатын синтетикалық есірткі екендігін көрсетті. Жалпы салмағы 32,3 грамды құрады, бұл аса ірі көлемге жатады.

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді.

Жас жігіт шілде айынан “есірткі жасыруды” ұйымдастыру жолымен есірткі таратты деп күдіктеліп жатыр.

– Өткен жылы бұл азамат синтетикалық есірткі өткізуде күдікті деп ұсталған болатын, алайда алынған заттың формуласы сол кезде (Есірткі құралдары, психотропты заттар мен прекурсорлар кестесіне) енгізілмеген. Бұрын бұл үлкен мәселе болатын, алайда 2021 жылдан аталған кестеге жаңа заттарды енгізу процедурасы барынша жеңілдетілді, осы жолы күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылады, – деп хабарлайды СҚО ПД ЕҚІҚБ бастығы Иван Терзиди.

Жыл басынан СҚО-да есірткі өткізудің 63 фактісі тіркелді. Заңсыз айналымнан 414 кг. есірткі заты алынды, оның 2 кг. 200 гр. – синтетикалық есірткі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру