Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ: синтетикалық есірткіні таратқаны үшін 40-тан астам кәмелетке толмаған ұсталды

Өткен жылы синтетикалық есірткіні таратқаны үшін 40-тан астам кәмелетке толмаған ұсталды. 2024 жылдың қаңтарында төрт кәмелетке толмаған жауапқа тартылды. Бұл туралы ІІМ онлайн брифингінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Құқық бұзушы – жасөспірімдердің заманауи қоғамдағы проблемалары өте күрделі және қарама-қайшы болып келеді. Өкінішке орай, олардың әрқайсысы жасалатын заңсыз әрекеттердің ауырлығын және кейбір жағдайда салдарын түзете алмайтынын сезіне бермейді, – дейді ол.

Спикер жасөспірімдерді нашақорлыққа тартумен және есірткіні таратумен байланысты ахуалда ерекше тоқтап өтті.

– Қазір біз виртуалдық кеңістікпен және қашықтықта қарым-қатынас жасаумен тығыз байланысты өзіндік жастар субъективтік мәдениетімен бетпе-бет келдік. Есірткі заттарын сату бойынша интернет-дүкендердің иелері да осы жағдайды пайдаланады. Есірткі бизнесіне тартылатын жасөспірімдер саны көбейіп келеді, – деп атап өтті Әмірханов.

Оның айтуынша, тек өткен жылы синтетикалық есірткіні таратқаны үшін 40-тан астам жасөспірім ұсталды. 2024 жылдың қаңтар айының өзінде 4 кәмелетке толмаған жауапқа тартылды.

Күні кеше ғана жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Ақтөбеде орта мектептің 9-сынып оқушысы ұсталды. Тінту жүргізу кезінде кеудешесінің қалтасында жалпы көлемі 48  түйіншек табылды.

– Заң шығарушы есірткі өткізгені үшін 14 жасынан бастап қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін және 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатын атап өту керек, – деп еске салды ол.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру