Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жүргізуші куәлігін алып беремін”: Түркістанда алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Түркістанда жүргізуші куәлігін алып беремін деп танысын алдаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Түркістан қалалық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оны танысы жүргізуші куәлігін алып беремін деп сендірген. Содан жәбірленушіден 160 мың теңге алып, не жүргізуші куәлігін алып бермей, не ақшасын қайтармаған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде күдіктіні анықтап, басқармаға жеткізді. Сезікті жергілікті тұрғын болып шықты. Ол жалған уәде беріп, тұрғыннан алған ақшаны жұмсап жіберген. Қазіргі таңда күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру