Ақтөбе облысында қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірген ер адам ұсталды
Қазан айында Хромтау ауданы полиция бөлімінің жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары мүлікті қасақана бүлдіру дерегін тіркеді, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Атап айтқанда, полиция қызметкерлері 12 қазанда көшеде ер адамның қоқыс жәшігіндегі қоқысты қасақана төгіп, жәшікті сындырғанын анықтады. Оқиға түнгі мезгілде Хромтау қаласындағы қонақүйдің қасында болған.
Полиция құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Қоғамдық мүлікті қасақана бүлдірген Хромтау қаласының 26 жастағы тұрғыны болып шықты. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып (ҚР ӘҚБтК 127-1-бабы). Нәтижесінде сот шешімімен жігіт кінәлі деп танылып, 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Полиция еске салады: бөтен мүлікті қасақана жою немесе бүлдіру заңмен белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Тұрғындарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, ортақ пайдаланатын мүлікке ұқыпты қарауға шақырамыз.
