Жезқазғанда қоғамдық мүлікті бүлдіру фактісі анықталды
Жезқазғанда жасөспірімнің қоғамдық мүлікті бүлдіру фактісі анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Жезқазған қаласында қоғамдық мүлікті бүлдіру фактісі анықталды. Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада кәмелетке толмаған жасөспірімнің қоғамдық орында орнатылған қоқыс жәшігін сындырып жатқан сәті бейнеленген.
Полиция қызметкерлері жүргізген тексеру барысында құқық бұзушының жеке басы анықталды.
Жасөспірімнің заңды өкілі баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзу және ортақ пайдаланудағы мүлікті бүлдіру фактілеріне қатысты тиісті шаралар қабылдайды.
Азаматтарды қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және ортақ мүлікке ұқыпты қарауға шақырамыз.
