Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қауіпсіздік қызметіндегі цифрлық технологиялар: ШҚО-да қандай жаңашылдықтар енгізілуде

Бейнебақылау камералары, бейнеаналитика және ұшқышсыз ұшу аппараттары — бұл құралдар Шығыс Қазақстан облысының полициясына қоғамдық тәртіпті бақылауға, құқық бұзушылықтардың мән-жайын анықтауға және жедел іс-шараларды жүргізуге көмектеседі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Цифрлық шешімдердің мүмкіндіктері туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШҚО полиция департаменті бастығының орынбасары Эльдар Қарсақпаев айтып берді.

Цифрландыру бағыттарының бірі — облыс аудандарында да Жедел басқару орталықтарын дамыту. Олар “102” арнасына келіп түсетін хабарламаларды қабылдау мен тіркеуді автоматтандыруға, сондай-ақ полиция бөлімшелерінің жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Жағдайды бақылау үшін әр аудан орталығында 77 бейнебақылау камерасынан орнатылған. Камералардан түсетін бейне облыс орталығы мен Ішкі істер министрлігінде де қолжетімді. Бет-әлпетті тану функциясын қоса алғанда, бейнеаналитика жүйесі келіп түскен ақпаратты өңдеуге және құқық бұзушылықтардың мән-жайын оқиға ізін суытпай анықтауға көмектеседі.

Полиция жұмысында ұшқышсыз ұшу аппараттары да қолданылады. Олар әуеден патрульдеу, адамдарды іздестіру және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде пайдаланылады.

Цифрлық шешімдер полицияның мүмкіндіктерін кеңейтіп, ақпаратты уақытылы алуға, жағдайды бағалауға және оқиғаларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру