Түркістан облысында мас жүргізуші 8 жылға көлік басқару құқығынан айырылды
Түркістан облысында полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және масаң күйде көлік басқарудың алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби ауданының полицейлері күнделікті патрульдік қызмет барысында күдік тудырған ВАЗ-2112 автокөлігін тоқтатты.
Тексеру барысында жүргізушінің масаң күйде болғаны анықталды. Алайда ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан. Жүргізушінің бұл әрекетіне байланысты полиция қызметкерлері қажетті құжаттарды рәсімдеп, жинақталған материалдарды сотқа жолдады.
Сот қаулысымен құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Полиция масаң күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретінін ескертеді.
