Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

60 мың көрермен, робот-ит және қауіпсіздік: Талдықорғанда қала күні қалай өтті

Талдықорған қаласында қала күніне арналған мерекелік шараларға шамамен 60 мың тұрғын мен қонақ қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік іс-шаралар барысында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Құқық қорғау органдары күшейтілген режимде қызмет атқарып, шаралар өтетін орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Мерекелік бағдарламаның ерекше элементтерінің бірі – полицияның роботталған қызметкері болды. Ит кейпіндегі төрт аяқты робот тұрғындар мен қонақтардың назарын аударды.

Робот арқылы азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік талаптары және интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары түсіндірілді. Заманауи технологияны пайдалану арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары балалар мен ересектер арасында қызығушылық тудырды.

Мерекелік шаралар аяқталғанға дейін полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігін бақылауда ұстады.

Полиция қызметкерлерінің үйлесімді жұмысының нәтижесінде қала күнін мерекелеу барысында қоғамдық тәртіп бұзылып, төтенше жағдайлар тіркелген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру