Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда қоғамдық орынды ластаған тұрғын камераға түсіп қалды

Талдықорған қаласында полицияның жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары қоғамдық орынды ластаудың кезекті дерегін тіркеді. 43 жастағы жергілікті тұрғын тазалық пен тәртіптің қарапайым талаптарын елемей, темекі тұқылын жерге тастаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Енді ер адамға сот шешімімен он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе қырық сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы қолданылуы мүмкін.

Қоғамдық орындар қоқыс тастайтын жер емес екенін әркім түсінуі тиіс. Тротуарға, аулаға немесе көшеге тасталған әрбір темекі тұқылы қоршаған ортаны ластап қана қоймай, өзіміз тұратын қаланың келбетіне де кері әсерін тигізеді.

Полиция азаматтарды қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтауға, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға шақырады. Қоғамдық орындарды ластауға жол бермей, белгіленген тәртіп талаптарын сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру